Қыздарды сүндеттейтін Африка тұрғындары әлемді шошытты

Источник: nur.kz

Африкада әлі күнге қыздарды сүндеттейтін тайпалар бар болып шықты. Америкалық фотограф Зигфрид Модола Кенияда өткен қыздарды сүндеттеу рәсімін суретке түсіріп алған деп жазады photo-day.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Африка елінде бұл дәстүр әлі күнге жалғасын тауып келе жатқанға ұқсайды.

Тіпті сүндеттеудің қиындығынан түрлі тайпалардағы қыздардың барлығы басынан өткерген.

БҰҰ-ның мәліметінше, Кенияда бірнеше әйел бұл дәстүрдің заңмен тыйым салынғанына қарамастан, орындаған.

Мамандар кедейлер арасында кеңінен тараған бұл сүндеттеудің әйелдердің денсаулығына орасан зор зияны барын айтып, дабыл қаққан.

Айта кетейік, тайпа тұрғындары аталмыш салтты жүзеге асыру үшін алдын-ала дайындалған. Түнімен аулада от жағып, қыздарды сүндеттейтін орындар дайындаған.

Келесі күні әр қыз өзіне дайындалған тасқа отырып, сүндетеледі.

Осыдан кейін сүндеттелген қыздардың денесіне ақ түсті бояу жағылады.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий