Қырғызстанда премьердің кортежі үшін жолдан өте алмаған халық шу шығарды

Источник: nur.kz

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданының тұрғындары премьер-министрдің кортежі үшін жолдан өте алмағандарын айтып, шу шығарды. Бұл туралы turmush.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Аудан тұрғындары премьердің кортежі үшін жолдан өткізбей қойған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өз реніштерін білдірді. Тұрғындар 8 желтоқсан күні болған жағдайды видеоға да түсіріп алған.

Ал премьер-министр Мұхаммедқали Әбілғазиев Жалал-Абад облысына ресми іс-сапармен барған. Ол Базар-Қорған ауданы Көк-Алма ауылында ашылатын әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысатын болған.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий