Қырғызстанда мектеп оқушыларының төбелесінен 9 сынып оқушысы қаза тапты

Источник: nur.kz

Қырғызстанның Баткен облысында мектеп оқушылары төбелесіп, 9 сынып оқушысы қайтыс болды деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

19 желтоқсан күні 14:00-де сабақтан шыққан 9-10 сынып оқушылары Ақ бұлақ ауылына төбелеске жиналады.

Оныншы сыныптың он оқушысы мен тоғызыншы сыныптың бірнеше оқушысы өзара мәселе шешпек болған.

Сол жерде 2003 жылы туылған 10 сынып оқушысы 9 сынып оқушысының кеуде тұсынан бірнеше рет ұрған. Э.М соққыға шыдай алмай, есінен танып құлайды.

Оқушыға жедел жәрдем шақыртылғанымен, ол ауруханаға жетер жолда қайтыс болған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, үш оқушы құрықталған.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий