Қырғызстан азаматтары 424 мың теңгеге сатып алынған арақты өртеп жіберді (видео)

Источник: nur.kz

Әлеуметтік желіде Қырғызстан азаматтардың ішімдіктің бөтелкесін сындырып, өртеп жатқан видеосы тарап кеткен. Бұл бейнежазба 16 желтоқсан күні Нарын облысының Кочкор ауылында түсірілгендігі анықталды деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видео авторының сөзінше, жергілікті ауыл кеңесінде ішімдіктен бас тарту туралы шешім қабылданған. Осылайша, ауыл тұрғындары жергілікті дүкендерден 424 мың теңгеге ішімдіктердің барлығын дерлік сатып алып, өртеп жіберіпті.

Айта кететіні, мұндай науқан өткен жылы Қырғызстанның Ыстық Көл облысында да өткен. Онда ауыл тұрғындары дүкендерден ішімдіктерді сатып алып, кәріз құдығына ағызып жіберген еді. Осылайша алкогольді сусындар Чок-Тал, Орнок, Чон-Сары-Ой, Сары-Ой және Бает ауылдарындағы дүкендерден жойылған.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий