Полициядан қашқан жүргізуші жол көлік инспекторын сүйреп әкетті

Источник: nur.kz

Мәскеу қаласында такси жүргізушісі жол-патрульдік полицейдің қолын есік терезесіне қысып, 50 жерге сүйреп әкеткен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

24 желтоқсан күні полицей тоқтап тұрған Mazda 6 көлігінің қасына барып, құжаттарын тексермек болған.

Бір кезде жүргізуші терезе әйнегін көтеріп, тәртіп сақшының қолын қысып тастаған. Содан кейін газды басып, жүріп кеткен.

Қолы қысылған инспектор көлік артынан сүйретілген.

Полицей шынтақ және тізе жарақаттарын алған.

Жүргізуші оқиға орнында тұтқындалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий