Халықтың ауыр жағдайын суретке түсірген қытайлық фотограф ұшты-күйлі жоғалып кетті

Источник: nur.kz

Қытайдың түпкір-түпкіріндегі халықтың ауыр жағдайын суретке түсіріп, билікке жеткізетін Лу Гуан есімді фотограф із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірнеше рет үздік деп табылған фотографты жақындары оны бір айдан бері таппай жатыр деп жазады ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Синьцзян провинциясында өтетін жәрмеңкеге арнайы шақырту алған Лу Гуан сол кештен кейін жоғалып кеткен.

Фотографтың жоғалғаны жайлы хабарламаны оның әйелі Сюй Сяоли таратқан.

Оның айтуынша, Лу Гуан 3 қарашадан бері байланысқа шықпаған.

Осы шудан кейін Лу Гуанды Қытайдың арнайы қызметі ұстап алғаны анықталды. Оның қамалуына фотографтың түсірген суреттері себеп болған.

Айта кетейік, Лу Гуанның объективіне елдегі нашақорлық пен жоқшылық, экологиялық мәселелер, ауру балалар іліккен.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий