Өгей ана жеті жасар балақайдың үстіне ыстық су құйып, қорлаған (фото)

Источник: nur.kz

Қытайдың солтүстігінде орналасқан Хэбей елді-мекенінің тұрғыны күйеуіне білдіртпей, жарты жылдай өгей баласына қорлық көрсетіп келген. Сүйіктісінің ұлы көшіп келгеніне разы болмаған ару, оған адам сенгісіз әрекеттер жасаған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Анықталғандай, өгей ана жеті жасар балаға ағартқышты ішуге мәжбүрлеп, үстіне ыстық су құйып жіберген.

Бет-әлпеті сүйкімді көрінген арудың мұндай адам шошырлық іске баратынына бастапқыда көпшілік сенбей, қатты таңғалған.

Жарты жыл бойы бұл оқиғалардан бейхабар болған әкесі, ұлының қорлық көріп жүргенін мектеп мұғалімдерінің арқасында білген.

Ұстаздар баланың үстіндегі сансыз жарақатты байқап, оның әкесіне хабарласқан. Ол өз кезегінде бірден полицияға жүгініп, арыз жазған.

Анықталғандай, қорлық әрекеттер балақай әкесінің екінші әйеліне көшіп келгеннен бастау алған. Келіншек тіпті, бала түнде әжетханаға сұранбау үшін оның жыныс мүшесін байлап тастап жүрген.

Қазіргі таңда зардап шеккен жеті жасар бүлдіршін бірінші және екінші дәрежелі күйіктен емделіп жатыр.

Тәртіп сақшылары өгей ананың адам сенгісіз әрекетке баруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий