Атамбаев ел басқарғанда жіберген басты қателігін атады

Источник: nur.kz

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев "Апрель" телеарнасына берген сұқбатында ел басқарғанда жіберген басты қателігін атады. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Президенттің сөзінше, ол маман мен адам таңдауда қателесіпті. Бірақ Атамбаевтың басты өкініші, 2017 жылғы президент сайлауы екен.

"Ең басты қателікті президент таңдауы кезінде жібердім. Сондықтан халқымнан осы қателік және жаңылыстығым үшін кешірім сұраймын. Уақыт бәрін орын-орнына қояды деп үміттенемін", — дейді Қырғызстанның бұрынғы көшбасшысы.

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011 жылдан 1 желтоқсанынан 2017 жылдың 24-ші қарашасына дейін басқарды.

Вам также может понравиться...

Добавить комментарий